12 қыр, 2018 сағат 09:58

Головкин 21 ғасырдың ең мықты боксшылары рейтингіне енді

ESPN арнасының тілшісі Найджел Коллинз WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес қарымтасы алдында орта салмақтағы ХХІ ғасырдың үздік он боксшысының тізімін ұсынды, деп жазады vesti.kz порталы. 

Рейтингте бірінші болып орта салмақтағы бұрынғы абсолют чемпион Бернард Хопкинс тұр. Одан кейін Головкин орналасса, Альварес - үшінші. 

Сонымен қатар, ТОП-10 тізіміне кіргендер:
4. Серхио Мартинес (Аргентина)
5. Келли Павлик (АҚШ)
6. Джермейн Тэйлор (АҚШ)
7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)
8. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания)
9. Артур Абрахам (Германия)
10. Джермалл Чарло (АҚШ)

Сонымен бірге, Головкин бұл дивизиондағы соққыларын ең дәл ұратын боксшы атанды. Осылайша, бір раундта оның 25 соққысы дөп тиеді, ал өзіне қарсыластарының 12,2 соққысын өткізіп алады екен.

Оның үстіне Головкин орта салмақ тарихындағы үздік нокаутшы ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірген болатын.