25 шіл, 2017 сағат 08:26

Голливуд жұлдызының "жасыл экономикаға" қандай қатысы бар?

"Шапан шуы" туралы

Қонаққа шапан кигізгеннің еш айыбы жоқ: сыйлап та, киіп те жүрміз ғой.

Кейджге қатысты болса, меніңше, мынадай жайттарды ескеруіміз керек.

Біріншіден, қарсы алушылар Николасқа шапан кигізу үрдісі туралы тәптіштеп айтып, түсіндіріп, "ризашылығыңызды сөзіңіз бен түріңізбен білдіріп, шапан туралы бір жақсы, есте қаларлық сөз айтсаңыз" деп кеңес бергенде, әртіс осыншама үрейлі әрі түк түсінбегендей әлпетімен суретке түспес пе еді? Оның соңы осыншама шуға айналмас па еді?

Екіншіден, осынау әлеуметтік әжуаға қоғамдағы ЭКСПО-ға деген екіұдай көзқарас негіз болды деп ойлаймын: "осыншама қаржы жұмсаған көрменің сиқы осы ма?" деген жұрт, көрменің жоғарғы технонологиялық іс-шара емес, кәдуілгі ойын-сауық, концертке айналып бара жатқанын көріп жатыр. Әйтпесе, Голливуд жұлдызының "жасыл экономикаға" қандай қатысы бар?

PS. Өзіміздің өнер қайраткерлерімен фотоға түсуді ұмытып, шетелдік қонақтармен селфилетуге әуес шенділердің де қылығы елдің қытығына тиіп, "шапанофобияға" өз септігін тигізген сияқты. Мәселен, сол шапанды шенеуніктер емес, өз киномақтаныштарымыз кигізгенде ше?

Әміржан Қосановтың фейсбуктегі жазбасынан