07 шіл, 2019 сағат 09:17

Францияда жас жігіт алтын іздеп жүріп, І Дүниежүзілік соғыстан қалған бомбаға ұрынды

Францияда көмбе іздеген 18 жастағы жігіт Бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба жарылысынан зардап шекті, деп xабарлайды Daily Mail басылымы.

Басылымның жазуынша, оқыс оқиға шілде айының басында Мец қаласында болған.

Тариxқа қызығатын Поль Айден металл іздейтін детектордың көмегімен алтын іздеген. Құрылғының сигналын естіген бала көмбе таптым деп ойлап, жерді қаза бастаған.

Оның құралы абайсызда жарылғыш құрылғыға тиіп кетіп, детенатор іске қосылған. Абырой болғанда Айден өз аяғымен үйіне жеткен. Әке-шешесі оған жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер баланың денесінен 50-ден астам жарықшақ алып, жарылыс жұлып кеткен саусағын тіккен.

Полицейлердің айтуынша, бала 1915 жылы қойылған минаға түскен.

Саперлер сол маңнан немістің фосфор гранатасын да тапты.