11 сәу, 2019 сағат 10:22

Facebook: Қайтыс болған жандардың профилінде арнайы белгі болады

Facebook қайтыс болған адамдардың аккаунттарынан келетін хабарламалар мен ескертулердің тарап кетуін болдырмау мақсатында жасанды интеллект жүйесін қолданатынын хабарлады.

ВВС басылымының жазуынша, осылайша компания о дүниеге аттанғандарды туған күнімен құттықтау немесе белгілі бір шараға шақыру туралы хабарламалар легін тоқтатып, жақындарының жүрегін ауыртпайтын болады.

«Facebook-те енді қайтыс болған адамдардың профилінде арнайы белгі болады. Осылайша Facebook жақындарының рухын сыйлайтын орын болып қала береді», - дейді компанияның операциялық директоры Шерил Сэндберг.