09 там, 2017 сағат 08:23

Ежелгі Мысыр перғауыны Санахт алып болған

Швейцарияның Цюрихінде орналасқан Эволюциялық медицина институтының зерттеушілері ежелгі Мысыр перғауындарының бірі Санахтың сол уақытта өмір сүрген адамдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын болғандығын дәлелдеді.

1901 жылы Бет-Халлафе моласынан табылған перғауын мумиясын егжей-тегжейлі зерттеген ғалымдар Санахтың бойы 1 метр 98 сантиметр болған деген байламға келді.  Оның үстіне ежелгі мысырлықтардың сол кездегі орташа бойы 170 сантиметрді құраған.

Бұл жаңалыққа дейін мысыр перғауындары арасында ең ұзыны - бойы 175 сантиметр болған Рамзес ІІ саналып келген еді.