26 шіл, 2016 сағат 20:16

Ерсін Әміре: Бас мүфтиді бірден Рим папасымен салыстыра салмадыңдар ма?!

Кім көрінгенді елге кіргізе беріңдер. Олар ойларына келген уағыз-насихатын емін-еркін жүргізе берсін. Интернетте сайттары сайрай берсін. Ол жетпегендей сектанттарды оңалту жұмыстарына араластырайық. Жылына 40-50 студент жат ағымның тағылымын үйреніп келіп елде тарату үшін Мəдина қаласындағы Ислам университетіне емін-еркін түсе берсін. Елде жүрген уағызшылары кафелерде, пəтерлерде сабақтарын жүргізе берсін. Осы айтылғандардың айтылғандардың алдын алуда, тыйым салуда ҚМДБ-дақандай əлеует бар? Сонда да аталмыш проблемаларды шешу жолдарының тетіктері қолдарында болғандар кінəлі болмайды да, орнына ҚМДБ кінəлі бола ма?

Бас мүфтиді Кириллмен салыстырыпты.
Кирилл Ресей президенті қатысатын жиындарда бірінші қатардың қақ ортасында жарқырап отырады. Гайнуддиндермен 20-30 қатарларда отырмайды. Біздің елде Қазақстан халқының 70-75 пайызы ұстанатын ата дініміздің өкілі, Бас мүфти елімізде ерушілерінің саны екі мыңға жетпейтін дін өкілдерімен бір қатарда артта отырады. ҚМДБ-ға Орыс православ шіркеуіне берілген айрықша құқықтардың оннан бірі де берілмеген. Құқық беру былай тұрсын мешіт электр қуатына төлемақыны төрт-бес күнге кешіктіріп алса, келіп қиып кетеді. Содан кейін келіп Кириллмен салыстырады. Бірден Рим папасымен салыстыра салмадыңдар ма?!

ҚМДБ имамдары ұсынатын елдегі діни проблемаларды шешу жолдарын анаған қайшы келеді, мынаған қайшы келеді деп қабылдамасаңдар. Осыларға не керек екенін түсіне алмай қойдым. Əлде, мəселе — ел басына күн туғанда «крайний» іздеу ғана ма?

Ерсін Әміренің фэйсбуктағы парақшасынан