#
#
Жексенбі 17/11/2019

Ерлан Сыдықов: Тарихшылар ғылыми дәлелденген фактілермен білім беруі тиіс

  • 25.10.2019
  • 0
  • 400

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Тарихшылардың ұлттық конгресі басқармасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов ұлт тарихын түгендеуде өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі зерттеуге бастама ұсыныс жасаған Жошы тұлғасы және оның ұлысының тарихы - Ұлы даланың жасампаз тарихымен өте тығыз астасып жатыр. Қазақ хандығы дәуірімен мақтанатын да сонымен қатар, қаперімізге тоқып алып, сақтық жасайтын жақтарымыз да бар. Қазақ хандығының 550 жылдығы өткен тарихтағы мемлекеттігімізді зерделеуге, одан сабақ алуға жетеледі. Бірақ біз тек Қазақ хандығы дәуірімен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Оны осында отырған тарихшылар қауымы жақсы түсінеді деген пікірдемін. Біздің одан арғы тарихымыз бар. Ол тарих – аса бай, жасампаз тарих. Өткен тарихты білмей бүгінгіні дұрыс жолға сала алмас едік. Бүгінімізді қадыр тұтпасақ, ертеңнің де баянды болуы екіталай», - деді Ерлан Сыдықов елордада өткен «Жошы ұлысы тарихының мәселелері» VІІ тарихшыларының ұлттық конгресінде.

ЕҰУ ректорының айтуынша, Мемлекет басшысының: «Ұлттық идеяның тұжырымы ұлттық тарихи кеңістікте жатыр» деген сөзін де естен шығармау керек. Осынау ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін жол тартқан рухани қазынаны – «төл тарихты» қоғамымыз мемлекет мүддесімен бірлікте қарастырған абзал.

«Отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру тарихшылардың басты қызметі деп санаймын. Тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету гуманитарлық сала өкілдерінің ұлт алдындағы басты міндеті деп білемін. Рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру – бүгінгі біртұтас қоғамымыздың өлшеусіз парызы болмақ. Қоғамға ықпал етуші, әрі мемлекетіміздің зияткер әлеуетін қалыптастырушы және жаңа идеяларды беретін де ұлт тарихы екендігі ақиқат шындық», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар