#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Ерлан Қарин Ұлттық кеңеске арналған Youtube-канал ашты

  • 19.10.2019
  • 0
  • 188

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің жұмысы туралы ақпарат беріп отыратын Youtube-канал ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Каналдың алғашқы бағдарламасында Ерлан Қарин «Ұлттық кеңес қалай және қашан құрылды? Оның құрамы қалай анықталды? Ұлттық кеңестің маңызы неде?» деген сияқты сұрақтарға толыққанды жауап береді.

«Бірқатар әлеуметтік желілерден Ұлттық кеңестің күнделікті жұмысы туралы әңгімелейтін парақшалар ашылған. Дегенмен бізге әлі де көп сұрақтар қойылып жатыр. Мысалы «Ұлттық кеңес мүшелеріне жалақы төлене ме?» деген сұрақ қойылды. Және «ол Парламенттің жұмысын қайталамай ма?» деген мәселе де желіде қызу талқыланды. Сондықтан біз Ұлттық кеңестің жұмысы, қазіргі бағыты туралы жан-жақты мәлімет беруді жөн көрдік», - дейді Ерлан Қарин.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар