01 нау, 2017 сағат 19:40

Ерлан Қарин. Мемлекеттік саясаттағы парадигмалық өзгеріс

Елбасының бұл мәлімдемесі саяси реформалардың маңыздылығын одан да арттырып отырған сияқты. Конституция бұл тек қана құқықтық нормалардың жиынтығы емес, бұл ең бастысы, саяси құндылықтар мен принциптердің тұжырымдамасы, ұлттың саяси манифесті.

Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл реформалар - сол енгізілетін өзгерістерден басқа, дамудың жаңа парадигмаларын айқындайтын сияқты.

Оның бірі, Елбасы өз сөзінде айтқанындай, қоғамда принципиалды мәселелер бойынша консенсус, келісім болуы қажет. Бүгін осы қағидат тағы да көрініс тапты. Сондықтан, бұл реформаларды жәй Конституциялық өзгерістер деп емес, мемлекеттік саясаттағы парадигмалық өзгерістер деп қабылдау қажет.

Ерлан Қаринның фейсбуктағы жазбасынан