19 мам, 2020 сағат 18:47

Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 3598-ге жетті

Қазақстанда тағы 26 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 13, Алматы қаласында - 11, Жамбыл облысында 2 адам дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен жазылғандар саны 3598-ге жетіп отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 626
Алматы қаласы – 1037
Шымкент қаласы – 203
Ақмола облысы – 96
Ақтөбе облысы – 161
Алматы облысы – 145
Атырау облысы – 180
Шығыс Қазақстан облысы – 26
Жамбыл облысы – 142
Батыс Қазақстан облысы – 180
Қарағанды облысы – 156
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 60
Павлодар облысы – 138
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Түркістан облысы – 153