#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Елімізде қағаз өндірісінің көлемі өсті

  • 30.10.2019
  • 0
  • 168

Қазақстанда қағаз өнімдерінің шығарылымы қарқынды түрде артып келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қағаз бен қағаз өнімдерінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 47,6 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,3 пайыздық көрсеткішті көрсетіп отыр.

«Жалпы, 2017 жылы қағаз бен қағаз өнімдерінің өндіріс көлемі 53,5 млрд теңгені көрсетсе, былтыр 58,3 млрд теңгеге жеткен. Қазақстан бойынша аталмыш өнімнің 27,8 пайыздық бөлігі Алматы облысына (27,8 пайыз) тиесілі. Қағаз өнімдерінің негізгі өндірушілері – «Қазақстан Қағазы» АҚ пен «Қағаз Ресайклинг» ЖШС. Екінші орында Алматы қаласы тұр. 9 айдың ішіндегі жалпы өнімнің 12,7 млрд теңгесі оңтүстік астанада өндірілген. Мегаполисте «Карина Трейдинг» ЖШС, «Компания В» ЖШС мен «Almapack Co LTD» ЖШС секілді компаниялар жұмыс істеп тұр. Жылдың үздік өсімі Шымкент қаласында тіркелді («Ақжол-2008 Лтд» ЖШС мен «Бумпром» ЖШС)», - делінген хабарламада.

Қағаз бен қағаз өнімдерінің ішінен көбінесе қораптар, жәшіктер мен сөмкелер шығарылады. 9 айдың ішінде аталған өнімдерден 68,3 мың тонна шығарылған. Қағаз бен картон шығарылымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 188,7 пайыздық өсімді көрсеткен.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар