05 нау, 2018 сағат 09:04

Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып жатыр

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып отыр. 

Жиын барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді деп күтіледі. 

Айта кетсек, өткен аптада мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылдың 5 наурызында сағат 12-де Астана қаласында өтеді", — делінген өкім мәтінінде.