#
#
Сейсенбі 19/11/2019

Ел экономикасының өсуі біршама баяулауы мүмкін - Ұлттық банк

  • 09.09.2019
  • 0
  • 415

2019 жылғы қаңтар-маусымда  халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі 5,1 пайыз болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі 2019 жылғы қаңтар-маусымда 5,1 пайыз болды. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында нақты жалақы 8,9 пайызға дейін өсті. Көрсеткіштің өсуі экономиканың барлық секторларында байқалды. Тұтынушылық сұраныстың кеңеюіне әлеуметтік қолдауға, жалақыға бюджеттік шығыстардың ұлғаюы және тұтынушылық кредиттеудің ағымдағы жылғы шілдедегі жылдық көрсеткіш бойынша 24,1 пайызға өсуін сақтау арқылы қолдау көрсетіледі», - деді Ұлттық банктен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда айналымының 5,4 пайызға өсуі байқалады. Тұтынушылық импорт ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта 4,8 пайызға өсті. Негізгі үлес 7,3 пайызға өскен азық-түлікке жатпайтын тауарлар импортының бөлігінде байқалады. Ішкі экономикалық белсенділіктің өсуі Ұлттық банктің күтуінен жоғары деңгейде сақталады. Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,4 пайызға ұлғайды. Оның ішінде құрылыста 11,5, саудада 7,5, көлікте 5,4, ауыл шаруашылығында 3,5 өңдеуші және тау-кен өндіру өнеркәсібінде тиісінше 3,2 және 2,4 пайызға өсті. Мұндай серпін 2019 жылғы қаңтар-тамызда 11,3 пайызға өскен инвестициялардың кеңеюімен нығаяды. Импортталатын инвестициялық тауарларға сұраныс ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың (ТШО-ны кеңейту, «Сарыарқа» газ құбырын тарту және басқалары) іске асырылуы нәтижесінде 24,9 пайызға ұлғайды.

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша, 2019 жылы Қазақстанның экономикалық өсуі 3,8 пайызды құрайды. Орта мерзімді перспективада Қазақстан экономикасының өсу қарқыны біршама баяулайды. Бірақ 2020 жылы салыстырмалы жоғары – 3,5 пайыздық мәнде қалады. Қысқа мерзімді перспективада үй шаруашылықтарын тұтыну мен инвестициялық белсенділіктің өсуі негізгі қозғаушы күш болады. Фискалдық ынталандыру әсерінің әлсіреуі және таза экспорт серпінінің төмендеуі нәтижесінде экономикалық өсудің кейінен баяулауы болжанады», - деді қаржылық реттеуші.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар