14 там, 2017 сағат 04:55

ЭКСПО-2017. Хайнань провинциясының көрмесі ашылады


Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Хайнань провинциясы күніне орай баспасөз мәжілісі өтті.

Баспасөз жиынында Хайнань басшылығы өкілдері көрменің таныстырылымы жөнінде және де туризмнің дамуы, ауыл шаруашылығы, экономика саласындағы шет елдік инвестиция тақырыптарында сөз қозғады.

Конференцияға Хайнань провинциясының ауыл шаруашылығы басқармасы, сыртқы сауда-саттық, сондай-ақ туризм басқармасы басшылары және қытайлық, қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.

Хайнандық ресми өкілдер ертең яғни, 14 тамыз күні Қытай павильонында ашылатын «Хайнань провинциясы күні» төңірегінде толығырақ мағұлмат берді. 

 Хайнань – Қытайдың оңтүстігінде орналасқан тропикалық аймақ. Курорты арал Қытайдағы ең үлкен экономикалық орталығы саналады. Халықаралық туризмнің дамуын аталмыш аймақпен тікелей байланыстыруға болады. ЭКСПО көрмесіне келушілер Хайнаньның әсем табиғатымен және жаңа мүмкіндіктерімен жақынырақ таныса алады.

Хайнань провинциясының халықаралық сауда-саттықты дамыту комитеті өкілі Ли Жиже ертеңгі көрменің ашылу бағдарламасына тоқталып өтті. «Көрме Хайнанның экономикалық, сауда-саттық дамуы мен мәдени мұраларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осындай келелі басқосулар арқылы Қазақстан мен Қытайдың ынтамақтастығы артып, қарым-қатынасы нығая түседі деп ойлаймын. Ертең баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамын», - деді ол.

Баспасөз мәжілісінде хайнандық өкілдер Қазақстан мен Хайнанның экономикалық байланысы артып келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстанның Хайнань аралына визасы кіре алатын бірден-бір ел екенін атап өтті.

«Қазақстан Орта Азиядағы әлеуетті елдердің бірі. Біз сіздермен достық қарым-қатынаста екенімізге қуаныштымыз. Туризмді дамыту мақсатында алдағы уақытта бірлесе жұмыстар жүргіземіз деген ниетеміз», - дейді туризмді дамыту саласының өкілі. 

Көрменің ресми ашылуы сағат 10:30-да басталады. Іс-шараға Хайнань провинциясының делегациясы, Қытай павильонының жетекшілері, ЭКСПО-ның астаналық дирекциясының басшылары және Қазақстандағы іскерлік орта өкілдері қатысады.

Ашылу салтанаты барысында Хайнань мен Қазақстанның кәсіпорындары арасында келіссөздерге қол қойылады.

Сонымен қатар, Қытай павильоны алдында хайнандық өнерпаздардың қатысуымен арнайы концерт ұйымдастырылады. Ал, павильон ішінде азық-түлік тауарлары қойылып, естелік сыйлықтар таратылады. Қонақтар Хайнанның мәдени мұраларын тамашалап, қытай медицинасының озық үлгілерімен таныса алады.