#
#
Дүйсенбі 19/02/2018

«Дос-Мұқасан» тобының мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды

  • 13.02.2018
  • 0
  • 2097

Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Сейсмология институты» ЖШС-ның директоры болып Досым Сулеев тағайындалды. Ол қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріседі. Оған дейін директордың міндетін басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков атқарады», - деп хабарлады аталған институттан. 

71 жастағы Досым Сүлеев ҚР ҰҒА президиум мүшесі. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сондай-ақ, Досым Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі ретінде танылған.

Айта кетейік, Сейсмология институтына 12 ақпанға дейін Әнуар Боранбаев басшылық етті. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар