20 қыр, 2016 сағат 16:15

Дина Елгезек. Үкіметіміз неге орысша былдырлай береді?..

Мемлекеттік тілдің билік деңгейінде дамымай қалуына, қазақ тілін білмейтін өзге ұлт өкілі Кәрім Мәсімовтың 10 жыл Үкімет басқаруы себеп болды деп топшылап келдік...

Бүгін Үкімет отырысы толықтай көрші тілде өтті... Ел үміт артқан Премьеріміз бен екі вицеміз қазақ тілін жетік білетін азаматтар... Бүгін орыс тілінде баяндама жасаған Қуандық пен Тамара ханым да ана тілін меңгерген... Сонда қалай болғаны бұл? 

Үкімет отырысын онлайн режимде көруге мүмкіндік алдық. Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Семейің мен Жезқазғаның, яғни еліміздің көп бөлігінде ел түгел қазақша сөйлейді. Онда неменеге Үкімет орысша былдырлай береді? Намыс пен ар бар ма өзі бізде? 

Сенген серілерім сендер болсаңдар... Ееех...
Үкімет мемлекеттік тілде сөйлеуі керек! Ұлттық Үкімет ұлттық тілде сөйлесе - ұлттық экономика, іскерлік орта бәрі-бәрі қазақша сөйлеуге ұмтылады! Талап етуіміз керек!!!

Дина Елгезектің фэйсбуктегі жазбасынан