16 жел, 2016 сағат 11:07

Дәурен Абаев. XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай

Ардақты ағайын!

Баршаңызды ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт. 

Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық.

Осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы.

Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін! 

XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың фейсбуктегі жазбасынан