09 сәу, 2020 сағат 07:01

COVID-19: Қазақстанда науқас саны 759-ға жетті

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 9 сәуір таңертеңгі сағат 10.00-де 32 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Ақмола облысында - 13, Алматы қаласында - 1, Қызылорда облысында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 3, Қарағанды облысында - 2, Шымкент қаласында - 4 адамға вирус жұққаны анықталған. 

 

Жалпы елде коронавирус жұқтырғандар 759 адамға жетті:

 

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 223
  • Алматы қаласы – 120
  • Қызылорда облысы – 92
  • Қарағанды облысы – 57
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 56
  • Түркістан облысы – 34
  • Атырау облысы – 39
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25
  • Шымкент қаласы – 27
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6
  • Маңғыстау облысы – 6
  • Қостанай облысы – 3
  • Батыс Қазақстан облысы – 4
  • Павлодар облысы – 1

 

Қазақстанда коронавирустан 54 адам жазылған (Нұр-Сұлтанда - 29, Алматыда - 23, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1). Жеті адам қайтыс болған. 8 сәуірде Ақмола облысында 1929 жылы туған әйел көз жұмды. Дәрігерлер көз жұмғаннан кейін науқаста коронавирус барын анықтаған.