#
#
Бейсенбі 19/09/2019

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Помпео Иранды айыптады

  • 21.08.2019
  • 0
  • 523

20 тамызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері бойынша өткен жиынында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранды айыптады. Ол Тегеран мен оның делдалдары Ирак, Ливан, Сирия және Йеменде "гуманитарлық салдары ауыр" жанжалдарды қоздыратын "террор мен тәртіпсіздікті" таратып отыр, - деп мәлімдеді.

Егер БҰҰ Иранға салынған қару-жарақ эмбаргосының күші 2020 жылы қазанда тоқтатуға келісетін болса, онда Тегеранның қатысуымен тұрақсыздықты шайқалтатын жанжал ошақтары жаңадан пайда болады деп санайды Помпео.

БҰҰ қабылдаған санкция бойынша, Ирандағы Ислам революциясы сақшылары корпусының "Әл-Құдыс" элиталық жасағаның қолбасшысы Касем Сулеймани мен тағы басқа ирандық 23 қайраткердің сапармен баруына тыйым салынған.

"Қару-жарақ эмбаргосы мен сапарға тыйымды жалғастыруды қамтамасыз етуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі маңызды роль атқарады деп санаймыз" деді АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хук Нью-Йоркте журналистерге.

АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімі бойынша, өткен жылы Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасы туралы халықаралық келісімнен шыққан соң АҚШ пен Иранның арасындағы жағдай шиеленісіп кеткен. 2015 жылы шілдеде Иран мен алты мемлекет - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция қол қойған келісім бойынша, Иран уранды байыту бағдарламасын азайтуға, ал халықаралық қауымдастық Тегеранға мұнай және қаржы саласында салынған санкцияларды жұмсартуға міндеттеме алған болатын.

Азаттық

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР