13 қаң, 2017 сағат 09:58

БҰҰ: Дамаскідегі қақтығыстар Астана келісіміне кедергі келтіреді

Сирияда бітім орнаған сияқты болып көрінгенімен, Дамаск төңірегіндегі қақтығыстар 23 қаңтарда Астанадағы бейбіт келіссөздерге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы бейсенбі күні БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Оның айтуынша, бітім жарияланса да, елдің кейбір аудандарына гуманитарлық көмекті әлі күнге дейін жеткізу қиын болып тұр.

Дамаск маңында сумен қамту жүйесі үшін атыс жүріп жатыр. Сириялық әскер су нәрі орналасқан далаға бақылау орнатуға тырысып келеді. Сирия үкіметінің мәліметі бойынша, инфрақұрылымның 70 пайызы әскери қимылдардан бүлінген.

30 желтоқсанда күшіне енген атысты доғару туралы келісім Астанадағы бейбіт келіссөздерге негіз болуы керек. Ресей оны Түркия және Иранның қолдауымен өткізгісі келеді. Сирия президенті Башар Асад бұл келіссөздерде барлық мәселені талқылауға әзір екенін мәлімдеді. Қарулы оппозицияның бір бөлігі Астанадағы кездесуден бас тартты.