14 жел, 2016 сағат 10:15

БҰҰ-дағы Ресей өкілі: Алепподағы соғыс аяқталды

Алеппоның шығыс секторындағы соғыс қимылдары аяқталды деп мәлімдеді БҰҰ жанындағы Ресей өкілі Виталий Чуркин. Сирия үкіметі көтерілісшілер қолында болған соңғы аймақты бақылауына алды деді дипломат.

BBC хабарлағандай, егер бұл шындыққа сай келетін болса, Алепподағы төрт жылға созылған соғыс аяғына келіп жетті деген сөз.

Өткен сейсенбі күні Чуркин Башар Асадтың қарулы қарсыластарының Алеппоны тастап шығу жөнінде келісімге келгендігін мәлімдеген болатын. Оппозиция бұл келісімді растады. Алепподан келген хабар бойынша, соңғы сағаттарда қала бомбаланбаған, атыстар да болмаған.

Бұл ақпарат БҰҰ-ның үкімет күштерінің адам өлтіру фактісі жөнінде хабармен қатар түсті. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті қаланың төрт ауданында 82 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны жөнінде сенімді көздерден хабар алғанын хабарлады. Онда өлгендер саны одан да көп болуы мүмкін деген қауіптері бары да айтылған.

Ұлт порталы