03 шіл, 2019 сағат 09:17

Бозымбаев Мемлекет басшысына мұнай кен орындарындағы ахуал туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың ОПЕК министрлер кездесуінің қорытындысы, сол жиында қабылданған келісім бойынша біздің ұстанымымыз, сондай-ақ саланың жағдайы, мұнай кен орындарындағы ахуал, шетелдік компаниялармен жұмыс туралы ақпаратын тыңдадым», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.