29 қар, 2018 сағат 16:19

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске сала кетейік, бүгін  ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткен болатын.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттің барлық бастамалары халқымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған. Жұрттың сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандығы мен лайықты жұмысы болғанда ғана әл-ауқатымыз артады», деп жақында Жолдауында атап өтті. Осы мақсатта біз «Болашақ» бағдарламасымен де жұмыс істейміз. Өздеріңіз білесіздер, жазғы конкурс кезінде барлығы 413 стипендия тағайындалды. Енді бүгін біз жаңа түскен арыздарды қараймыз», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.

Комиссия шешімімен 2019 жылға арналған басым мамандықтар тізімі бекітілген. Онда 155 мамандық бар. «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тағлымдамадан өту үшін белгіленген санаттар анықталды. 2019 жылға 555 стипендия бекітілген. Стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарында тағлымдамадан өтуге жіберілетін 71 үміткерге тағайындалды.

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімімен мына жерде таныса аласыз.