#
#
Сенбі 06/06/2020

Біртанов "Қазақстанда үш мыңнан аса адамға вирус жұғады" деп болжайды

  • 30.03.2020
  • 0
  • 390

Елімізде наурыз, сәуір, мамыр айларында коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспауы мүмкін. Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирусқа қатысты болжам жасау өте қиын, себебі ол көптеген факторға байланысты. Ең бастысы – карантин шараларын сақтау керек. Коронавируспен ауырған адам оны тағы 3-4 адамға жұқтыруы мүмкін, сол себепті теориялық тұрғыда халықтың басым бөлігі ауру жұқтыруы мүмкін. Бірақ қабылдаған карантин шарасы бұл қауіпті 50%-ға азайтты. Қазіргі қабылданып жатқан шаралар болжамдарға әсер етеді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Оның айтуынша, жалпы алғанда наурыз, сәуір, мамыр айларында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды. 

«Біз осы болжам негізінде шешім қабылдаймыз, яғни осыншама адамға арналған төсек-орын дайындалды. Қосымша төсек-орын да бар. Осы санға сәйкес дәрі-дәрмек дайын тұрады. Сәуір айында эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз, ары қарай инфекция тасымалдаушылар санын азайту мақсатында карантин шараларын жалғастыра береміз», - дейді Елжан Біртанов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар