#
#
Бейсенбі 23/01/2020

«Bek Air» рейстеріне сатылған билет құны толығымен қайтарылады - министрлік

  • 14.01.2020
  • 0
  • 148

«Bek Air» әуе компаниясының ұшпай қалған рейстерінің билет құны жолаушыларға толығымен қайтарылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Халықаралық әуе кемесі қауымдастығының (ИАТА) ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта «Bek Air» әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған. Осы код аталған әуе компаниясына тиесілі», - делінген министрліктің хабарламасында.

Z9 кодын қайтарып алудың өзі де – «Bek Air» орындалмай қалған рейстерінің авиабилеттерінің қайтару жұмысына еш әсер етпейді.

«Әуе компаниясының ИАТА коды – ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор. Бұл код ИАТА-ның № 762 резолюциясына сәйкес беріледі. Әуе компаниясының кодтарын әуе компаниялар, билет сатылымы бойынша агенттіктер, билеттерді брондау жүйелері мен авиациялық тасымалға қатысты өзге де кәсіпорындар пайдаланады. «Бэк Эйр» әуе компаниясының орындалмай қалған рейстерін билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады», - деді министрлік.

Министрлік тараптардың бірі міндетін орындамаған жағдайда ҚР Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, екінші тарап сот органы арқылы келтірілген материалдық және моральдық шығынды талап ете алатынын еске салды.

Еске сала кетсек, Ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жатыр.

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР