28 нау, 2020 сағат 18:02

БАӘ-ден тағы 116 қазақстандық елге оралды

Сегіз күні ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен 800 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 пандемиясына байланысты БАӘ халықаралық әуе рейстерінің көпшілігін уақытша тоқтатты. Сондай-ақ, елде дезинфекциялау шараларына байланысты автокөлік қозғалысы шектелді. Осыған орай, 20-28 наурыз аралығында Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі, Дубайдағы Бас консулдығы және Әмірліктердің мемлекеттік органдарының көмегімен Қазақстанға 801 отандасымыз қайтарылды», - деді министрліктен.

Мәлім етілгендей, бүгін «Air Astana» әуекомпаниясының чартерлік рейсімен Дубай – Алматы бағыты бойынша 116 қазақстандық оралды.

«Біздің дипломаттарымыздың күшімен үйге оралуды қажет ететін азаматтарымыз осы рейске қосымша отырғызылды», - деп қосты ведомстводан.