06 қыр, 2017 сағат 08:24

Әулиелік жерлерге зиярат етудің ортақ ережесін бекіту қажет

Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоқжановтың назарына!

Заманымыздың ғұлама жазушысы Әбіш Кекілбаев ағамыз «Маңғыстау - аспан астындағы ашық мұражай» деп бекер айтпаса керек. Еліміздегі мемлекеттің қорғалуындағы 26 мыңнан аса тарихи –мәдени ескеркіштің тең жартысы киелі Маңғыстау жерінде орналасқан.

Ол ескеркіштердің көпшілігі Бекет ата, Шопан ата, Шақпақ ата, Қараман ата, Сисем ата, Есен ата сияқты әулиелік жерлер екені белгілі. Соңғы жылдары бұл орындарға шетелдік туристер көптеп келуде. Әрине, туристік сала еліміздің экономикасын көтеріп, тарихи жерлерімізді әлемге танытуға қосар үлесі көп екені белгілі. Ал, табыс тауып жүрген туристтік фирмаларың өкілдері де жергілікті халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни көзқарасын жақсы білмейді. Соның салдарынан жергілікті халықтың ашу- ызасына тиетін әрекеттер орын алуда.

Жақында Ақтау қаласында тұратын сыйлас інім, телефон соқты. «Жәке, мен Құрбан айттан бұрын, Шақпақ ата басына зиярат етуге барған болатынмын. Барсам Шақпақ ата жерасты мешітінің ішіндегі намаз оқитын бөлмесінде 4-5 шетелдік азамат сыра ішіп, чипси жеп отыр екен. Қуып шықтым. Әлгі туристерді бастап апарып жүрген орыс келіншек» деді. Бұдан асқан әруақты қорлаудың жолы жоқ шығар?! Біз бұған шара қолданбасақ бізді жерлің киесі, елдің иесі аталардың аруағы ататын болады.

Соңғы кездері әулиелеріміздің басы, еріккен туристердің жын-ойнақ жасайтын ордасына айналып барады. Шырақшылардың көбі бұрын көтеріліп ауырғандар мен түрмеден шыққан белгісіз біреулер. Олардың салт-дәстүрден де, діннін де, тарихтан да еш хабары жоқ жандар. Солардың көпшілігі өздері шырақшы болып отырған қауымның тарихын білмек түгілі қазақша да жарытып сөйлей алмайды. Шұғыл түрде! Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылу керек.

Комиссияны облыс әкімінің орынбасары басқарса, комиссия құрамына әулиелік орындардың шырақшылары, туристік фирмалардың басшылары, ақсақалдар, мешіт имамдар, ел азаматтары, әулиелік жерлерге адам апарып жүрген таксистер кіруі керек. Бір ортақ пәтуаға келіп « Әулиелік жерлерге зиярат етудің ортақ ережесі» қабылдауымыз қажет! 

Жердің киесі, елдің иесі барын ұмытпайық, ағайын!

Жәнібек Қожықтың фейсбуктағы жазбасынан