15 шіл, 2019 сағат 12:22

Ауадан сарай тұрғызғанды қою керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жоспарлау жүйесін сынға алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ең өзекті мәселелердің бірі – үнемі жеткілікті қаржыландырмау. Мәселен, 2018 жылғы индустрияландыру бағдарламасы 35% ғана қаражатпен қамтамасыз етілген», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы қаржыландырумен бірге стратегиялық мақсаттарға жетудің де кейінге ысырылатынын атап өтті.

«Мұнда жоспарлау деңгейінің төмен екені көрініп тұр. Қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын нәрсені жоспарлаудың қажеті не? Сәйкес жобалар мен бағдарламалардың тиісінше қаржылануын қадағалау керек. Объективті сараптама негізінде мәселені шешудің тиімдірек жолдары ұсынылуы керек. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығына ауыспай тұрып, бұл менің Үкіметке тапсырмам, барынша байыпты, шыншыл көзбен қараған жөн. Ауадан сарай тұрғызғанды қою керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.