22 мам, 2018 сағат 13:38

Астадағы дауыл "Пирамиданың" әйнектерін сындырды (видео)

Бүгін Астанада ауа-райы күрт бұзылып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, қатты дауыл тұрды. 

Екпінді дауыл ғимараттарды қиратып, көліктерге зардап келтірді. Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайының әнектері сынып, зақым келген.

«Әзірге қатты дауылдан мұнаралық кранның құлағаны белгілі. Сондай-ақ Пирамиданың  витражды әйнектеріне зақым келді. Тағы ақпарат келіп түссе, сіздерге хабарлаймыз», - деді Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.