04 жел, 2017 сағат 10:26

Әсет Мағауов жаңа қызметке келді

Әсет Мағауов KAZENERGY ассоциацияның бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін ол ҚР энергетика вице-министрі лауазымын атқарған.

"KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Құлыбаев Тимур Асқарұлының бұйрығымен Мағауов  Әсет Маратұлы 2017 жылғы 4 желтоқсанда "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ бас директоры қызметіне тағайындалды", - делінген қауымдастықтың сайтында.

Әсет Мағауов 1994 жылы  И.М. Губкин атындағы Москва мұнай-химия және газ өндірісі институтының ЖЭК саласындағы  экономика және басқару факультетін аяқтады. 

Халықаралық Валюта Қорынан және Азия Даму Банкінен тағылымдамадан өткен. 

1994-1998 жылдары - экономист, "Теңізмұнайгаз" АҚ жоспарлау-экономикалық талдау бөлімі бастығының орынбасары;

1998-2001 жылдары - ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінде еңбек етті;

2001 жылы - "Қазақойл" ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің бас менеджері, 2001 – 2002 жылдары - "Мұнай және газ транспорттау" ҰК" АҚ сервистік жобалар департаменті директорының орынбасары;

2002-2004 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК» АҚ ТШО-дағы үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, департамент директоры;

2004-2006 жылдары - "Теңізшевройл" ЖШС бас директорының орынбасары;

2006-2008 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-дегі үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;

2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;

2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай және газ вице-министрі;

2011-2012 жылдары - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директоры;

2012-2016 жылдары - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;

2016-2017 жылдары - ҚР энергетика вице-министрі қызметтерін атқарған.