#
#
Жексенбі 08/12/2019

Арыстағы апат (Видео)

  • 25.07.2019
  • 0
  • 4102

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста болған төтенше жағдай туралы ролик түсірді. 

Фильмнің сюжеті Арыс қаласындағы әскери қоймаларда болған жарылыстың салдарынан халықтың бастан кешірген қиын сәттерін бейнелейді. Бейне-материалда ата қоныстарынан кетуге мәжбүр болған қала тұрғындары өз қайғыларымен бөліскен. Ал әскери өрт сөндірушілер апат орнында өртті қалай ауыздықтағанын, туған-туыстарын іздеп жанұшырғанын айтады.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан. Жарылыстан 1 қала тұрғыны және өрт сөндіру кезінде екі әскери қызметші қаза тапты.

Арыстағы апат дүйім жұртты біріктіріп, ел бірлігінің бекем екенін аңғартты.

Еске салсақ, 24 маусым күні таңғы сағат 9.30 шамасында Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт болып, жойқын жарылыс болған еді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала халқын дереу қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық беріп, Арыста төтенше жағдай жарияланған еді. Қазір қаладағы қираған  үйлдерді қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар