15 шіл, 2019 сағат 09:19

Арыста қауіпті нысандарға жақын жерде құрылыс жүргізуге рұқсат берілген - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылысқа байланысты тапсырма берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Арыстағы жарылысты тергеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанына тоқталған Президент «Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Президент Әкімшілігіне, Қауіпсіздік Кеңесіне барлық кінәлілерді қатаң жазалау бойынша ұсыныс енгізу керек. Оның ішінде қауіптілігі жоғары нысандарға тым жақын жерге құрылыс жүргізуге рұқсат берген, яғни жауапсыздық танытқан азаматтық мемлекеттік қызметшілер де жазалануы тиіс», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Бұл жұмысты 10 тамызға дейін жүргізу керек, тиісті ұсыныстарды беріңіздер. Барлық кінәлілер жазалануы тиіс.

Қорғаныс министрлігіне басқа осындай нысандар бойынша анализ жасауды тапсырамын. Оның қорытындысы туралы ақпаратты 20 тамызға дейін жеткізсін... Болған оқиғадан қорытынды шығару керек. Бұдан былай мұндай жағдайлар қайталанбау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.