13 мау, 2018 сағат 13:34

Арман Жүдебаев - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Әділханұлы Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды" делінген хабарламада.

Бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен Жәния Яхияқызы Әубәкірова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметінен босатылған болатын.

Айта кетсек, Арман Әділханұлы 1986 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы дарындағы балаларға арналған музыкалық орта мектеп интернатында білім алған. 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка факультетінің домбыра мамандығы бойынша және 2005 жылы қосымша дирижерлау мамандықтарына оқуға түсіп, үздік бітірген.  «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.