#
#
Дүйсенбі 21/10/2019

Алты жасар бала мектепке бармағаны үшін айыппұл салына ма?

  • 13.08.2019
  • 0
  • 553

Алты жасар бала мектепке бармағаны үшін айыппұл салынбайды. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бізде бала бірінші сыныпқа барған кезде міндетті түрде оқып, жазып, санай білуі керек деген ешқандай да талап жоқ. Ол бірінші сыныпқа келеді – бағдарлама балалар еш дағдысыз, білімсіз келеді деп әзірленеді.

Сондықтан, бірінші сыныпта олар әріптерді, санауды, жазуды, оқуды үйренеді – бұл ең қиын сәт емес. Алайда, мектепке түсу кезінде – мұндай заңдылық бар. Сондықтан 6 жастан бастап балалар мектепке барады – бірақ бұл ата-ананың құқығы. Алты жасар баланың мектепке келмеуі үшін айыппұлдар қарастырылмаған. Тиісінше, ешкімге ешкім айыппұл сала алмайды. Жеке ерекшеліктері бар», — деді ҚР білім және ғылым министрі.

А. Аймағамбетов қазақстандық мектептерде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мектепке тіпті 8 жасында келетін кездер кезігетінін атап өтті. Бұл ауруларға, баланың айналасына және басқа да факторларға байланысты болуы мүмкін. Бұл үшін айыппұлдар мен ықпалшаралар қарастырылмаған.

Сонымен бірге, ҚР білім және ғылым министрі оқушылар электронды оқулықтарды қолдана алатынын, оларды QR кодтар бойынша жүктей алатынын және мектепке планшетпен, электронды кітаппен немесе ноутбукпен бара алатынын айтты. Ведомство өңірлерге арнайы нұсқау хат дайындады, онда бұл оқушы мен оның ата-анасының құқығы деп жазылған.

«Маған мұғалімдер электронды оқулықтарды пайдалануға рұқсат бере ме деп сұрайды. Біз оқу жылының басына арналған нұсқаулық-әдістемелік хатта осы жағдайды оқушының таңдауы екендігі туралы жаздық. Электронды оқулық – сол қарапайым оқулықтың өзі. Бала планшетпен, электронды кітаппен, ноутбукпен келе алады – бұл әртүрлі құрылғылар болуы мүмкін. Егер ата-аналардың және балалардың оқулықтардың электронды нұсқаларын қолдану арқылы оқуға техникалық мүмкіндік беруге мүмкіндігі мен ниеті болса, министрлік бұған кедергі жасамайды және бұл құқықты ата-аналарға береді. Бұл процеске қатаң талаптар қойылмаған», — деп түсіндірді А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жаңа оқу жылында мектептер 3 млн-нан астам баланы қабылдауды жоспарлап отыр. 1 сыныпқа 405 мыңнан астам бала барады деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар