09 қаз, 2019 сағат 09:02

Алдағы тәуліктерде жаңбыр, бұршақ жауады

Синоптиктер 2019 жылғы 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Жаңбырдың күтілуіне қарамастан, ауа температурасы төмендейді.