05 жел, 2019 сағат 15:44

Ақтауда біреулер теңіз жағалауындағы архитектуралық нысандарды сындырып кеткен

Ақтауда вандалдар 14-шағынаудандағы теңіз жағалауында орналасқан архитектуралық нысандарды сындырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Қала тұрғындары бұл тәртіпсіздік сол аумақтағы бейнебақылаудың аздығынан деп пікір білдіруде. Айтуларынша, бұзақылар түнде әрекет етеді.

«Қалалық әкімдік ол жерлерге камера қойылады деп айтқан болатын. Одан бері қанша уақыт өтті?! 11-шағынаудандағы «Мәңгілік алау» монументінің кейбір жерлерін де бұзып кеткен еді, ол да жазасыз қалды»,-дейді қала тұрғыны Сания Ақмұрзаева.