11 ақп, 2019 сағат 17:15

АҚШ-тағы ірі алаяқтық: Қазақстан азаматтарына қатысты алғашқы сот отырысы өтті

АҚШ-та ірі алаяқтық ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Аталған қылмыстық әрекетке үш Қазақстан азаматының қатысы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ағымдағы жылы 7 ақпанда алғашқы сот отырысы өткен.

«Келесі сот отырысын мамыр айына ауыстырды. Себебі тергеу шаралары жалғасып жатыр», - деді А.Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өткен жылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Нью-Йорк қаласында қылмыстық топтың ұсталғаны жайында жазған болатын. 25 адам ірі алаяқтықпен айналысты. Олар ғаламторда жалған xабарландыруларды орналастырып, көліктерді сатқан. Алайда уақытша фирмалар арқылы алдын ала төлем алғаннан кейін іздерін жасырып отырған. Осылайша, алаяқтар 4,5 млн долларды қолды қылған. Нью-Йорк штатының заңнамасы бойынша қылмыскерлер 20-30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған қылмыстық топтың құрамында үш Қазақстан азаматы да болды. Олар - Азиза Джавадазаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған, Диора Әшірова, 1991 жылы туған, және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Бас кезінде оларды қамауға алды. Бірақ артынан кепілдік төлегеннен кейін үшеуін де босатты.