17 қаң, 2018 сағат 14:02

Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында $7 млрд-тан астам соманың келісімдеріне қол қойылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары аясында АҚШ-тың іскер топтары өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Онда жалпы сомасы $7 млрд артық сомаға инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 20-дан астам екіжақты экономикалық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігінің және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қолдауымен АҚШ-тың Сауда палатасы ұйымдастырды. АҚШ-тың ірі бизнес-компанияларының 50-ден артық өкілдері кездесуге қатысты.

«Қазақстан америкалық бизнес үшін үлкен әлеуетке ие, әлемнің төтенше маңызды аймағында орналасқан», - деп атап өтті АҚШ-тың Сауда палатасының төрағасы Томас Донохью.

Америкалық капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын бірлескен жобалар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын қамтитын болады. Мысалы, іс-шаралар барысында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтамақтастық туралы, авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласында, ауылшаруашылығы, көлік және т.б. саласында жетекші америкалық компаниялармен – Chevron Overseas, W. R. Grace&Co, GE Transportation Parts, Pfizer, John Deere, Amity Technology, Global Beef Investments және басқаларымен коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, республиканың экономикасын сандық бағытқа көшіруге бағытталған құжаттарға қол қойылды.

Олардың ішінде АХҚО, «ИТП» ДКҚ және «IBM» арасындағы Astana Startup HUB ИТ-технопаркінің базасында қаржылық технологиялар бойынша инкубаторды құру туралы келісім, «ИТП» ДКҚ және «Global Venture Alliance» арасындағы өнеркәсіпті сандандыру қорын құру туралы келісім,  сондай-ақ «GE Digital» және АО «ФНБ «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ арасындағы теміжол көлігін, энергетиканы, мұнай өңдеуді және экономиканың басқа да секторларын сандандыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша стратегиялық әріптестік туралы келісім.

Қазақстан-Америка сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің іскерлік топтарын жақындастыруға арналған маңызды мәселелердің бірі АҚШ-тың ірі қаржылық институттарымен жалпы сомасы $3 млрд бірлескен инвестициялық жобаларды және сауда операцияларын қаржыландыру туралы құжаттарға қол қоюы болды.

Яғни, «Kazakh Invest» С.Тұяқбаев және «Жеке меншік шетелдік инвестициялар корпорациясы» қаржылық- кредиттік агенттіктің Президенті Р. Уошбормен OPIC тарапынан америкалық компаниялардың қатысуымен жобаларды қаржыландырудағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Oppenheimer америкалық қорының Басқарушы директоры Питер Албаномен бірге, Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру немесе инвестиция құю үшін америкалық қаржылық институттарды тарту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстан нарығы америкалық инвесторлар үшін IT және инжиниринг, көлік және логистика, ауылшаруашылығы, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа мүдделілігінің тартымдылығын білдіретін болып саналады. Өз кезегінде, «Kazakh Invest» ҚР Үкіметінің атынан бүкіл инвестициялық цикл бойында – идеядан оны толықтай жүзеге асырылғанға дейін қолдайтын, сондай-ақ пост-инвестициялық қолдауды қамтамасыз ететін шетелдік инвесторлармен бірден-бір келіссөздер жүргізуші ретінде», - деп атап өтті, іс-шаралар қорытындылары бойынша Сапарбек Тұяқбаев.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында «KazakhInvest» Бүкіләлемдік Банкпен бірге 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны дайындалған. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі: Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту; тиімді операциялық шараларды жүзеге асыру және инвестиция тартудың жаңа әдістерін дайындау; жекешелендіру және мемлекеттік-жек меншік әріптестік.

Ұлттық стратегияда шетелдік инвестицияларды тартуға арналған әлеуетті салалар (АПК, машина құрылысы, химия және мұнай химиясы, инфрақұрылым, тау-кен-металлургия кешені, сауда) және оның үлесіне әлемдік инвестицияның 80 %-ға жуығы келетін 11 әлеуетті елдер (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, ҚХР, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, БАӘ) анықталған.

2022 жылға қарай ПИИ жалпы ағыны 1,26 есеге дейін артады; ПИИ жалпы көлемінің ІЖӨ-ге қатынасы 2022 жылы 19%-ға дейін артады; тиімділікті арттыруға бағытталған ПИИ 1,5 есеге; экономиканың шикізатты емес секторының негізгі капиталындағы инвестицияның көлемі 1,46 есеге артады; экономиканың шикізатты емес секторының негізгі капиталына салынатын сыртқы инвестицияның көлемі 1,5 есеге артады деп жоспарланып отыр.