01 мам, 2017 сағат 13:27

АҚШ елшісі Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж А. Крол және елшіліктегі басқа да қызметкерлер Қазақстанның әнұранын домбырамен орындады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай видеоролик дайындады. Әнұран домбыраның сүйемелдеуімен орындалып, видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

"Достық күші - бірлікте! Қазақстан халықтарының Бірлігі күнімен құтықтаймыз!", - делінген видеоның сипаттамасында.