17 қаң, 2018 сағат 20:38

Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің иесі кім екені анықталды

Әлеуметтік желілерде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болды. ІІД өкілдері болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтем жасап.

"17 қаңтарға қараған түні болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның барысында Астана қалалық ІІД ӘПҚ ЖПП арнайы батальоны қызметінің инспекторы, полицияның аға лейтенанты Е.Иманбековтің Достық көшесімен келе жатып, мұзтайғақ жағдайында тізгінге ие бола алмай, қақпаға соқтығысып, сөйтіп қақпаны бүлдіргені анықталған. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ІІД өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, жол апатын жасаған Е.Иманбеков ҚР ішкі істер органдары қызметінен шығарылған. 

Сондай-ақ, қоластындағылардың жеке-тәрбиелік жұмысын әлсіз ұйымдастырғаны үшін осы бөлімшенің бірқатар жетекшісі қатаң тәртіптік жазаға тартылған.