03 нау, 2017 сағат 09:59

Әкімдерді қызметінен босату Президенттің құзіретінде қалады

Конституцияның 87-бабы бойынша облыстардың, республиканың маңызы бар қалалардың және Астана әкімін, басқа барлық деңгейдегі әкімдерді қызметке тағайындау Елбасының өкілеттігінде қалмақ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сұрағына жауап берген конституциялық реформалар жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасап.

«Бұл өкілеттілік Президенттің құзіретінде қалады. 87-баптың 4-тармағында көрсетілгендей ҚР Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға құқылы», – деді Әділбек Жақсыбеков.