#
#
Жексенбі 26/05/2019

"40-50 мың теңге айлыққа жұмыс істеп жүрген азаматтар - нағыз патриоттар"

  • 22.04.2019
  • 0
  • 1164

"Патриот" болу туралы ақыл-кеңес беретін басшыларға айтарым, бізде банктерден несиені 20-25%-пен алып, қиналса да, оны уақытылы жауып жүрген азаматтар - нағыз патриоттар. Пәтер мен 10 соттық жерді алу үшін 10-15 жыл шыдап кезекте тұрған қазақстандықтар - нағыз патриоттар. Кейбір басшылардың оффшордан миллиардтаған доллары шығып жатқанда, 40-50 мың теңге айлыққа жұмыс істеп жүрген біздің азаматтар - нағыз патриоттар. Коррупциямен байыған билігі бар екенін білсе де, 30 жыл шыдап келген xалық - нағыз патриот. Мұнай мен газға, табиғи байлыққа бай елде кедей өмір сүріп жатса да, биліктен осы уақытқа дейін "Неге бұлай?" деп сұрамаған xалық - нағыз патриот. Шетелге кетуге мүмкіндігі болса да, елде жұмыс істеп, болашаққа сеніммен қарайтын, бірдеңе өзгерткісі келетін жастарымыз - нағыз патриоттар!

Ең ақыры, бір президентке 30 жыл бас иген xалық - шыдамы мықты, нағыз патриоттар. Себебі, осының бәріне елде тыныштық болсын деп шыдады. Көнді! Араға 30 жыл салып аздап айналасына қарап, көзі ашылып, өзінің жай-күйін көрші елдердегі, әлемдегі өзгерістермен салыстырып, "Бізде неге басқаша емес?" деген заңды сауалды қоя бастаған елге "Тағы да үндеме. Шыда! Патриот бол!" демеңдерші, өтініш.

Біздің элита ғылыми-теxникалық жаңалық ашып байымағаны белгілі. Байлығының жартысын xалыққа инвестициялап, оффшордағы миллиардтарын елге әкеліп, xалықтық жобаларға салып, шат-пат қазақшасын түзеп, ақсақалдарымыз "Әй, 30 жылда бітіргенім шамалы, енді ел келешегі жастар үшін орнымды біржола босатайын" деп патриотизмдерін көрсетсінші бізге.

Халықтан 30 жыл тек талап етіп, патриот емессің деп басатын, ал өздерінен ештеңе сұрауға болмайтын, сұрасаң қудалайтын қандай элита бұл? Қай жері патриотизм бұның?! 30 жыл жемқорлықты көріп келе жатқан xалыққа басшылардың ұялмай шығып патриотизм туралы айтуы дегенің - маразм! Патриотизм туралы айту үшін элитаның қоғам алдында беделі мен морально құқығы болуы керек ең болмағанда...

Бауыржан Серікбаевтың Фэйсбуктағы жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар