#
#
Бейсенбі 24/10/2019

2019 жылдың 8 айында Қазақстанда 65 мың пәтер салынды — ҚР ИИДМ

  • 20.09.2019
  • 0
  • 596

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қ. Өскенбаев атап өткендей, қазіргі кезде мемлекет мұқтаж адамдардың барлығын  баспанамен қамтамасыз ету үшін түрлі шаралар қабылдауда.  

«2017 жылдан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты - келесі бес негізгі міндет арқылы азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру:

  •  сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй салу;
  •  кредиттік тұрғын үй салу;
  •  жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
  •  жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;
  •  квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1 млн шаршы метрге артық тұрғын үй салынады. Егер өткен жылы 12 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынған болса, биыл 13 млн ш.м. астам жаңа тұрғын үй немесе 120 мыңға жуық баспана салуды жоспарлап отырмыз.

2018 жылы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды күшейту мақсатында Ұлттық банк тұрғын үйді несиелендірудің «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске қосты, оның аясында алдағы 5 жылы 103 мыңға жуық азамат баспанаға ие бола алады.

2030 жылға қарай халықты тұрғын үймен қамтамасыз етілуін 30 ш. м. дейін арттыру үшін жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің  8%-ға жыл сайынғы өсімі жоспарланған. Осы жылдың 8 айында барлық қаржыландыру көздерінен 7,6 млн ш.м. тұрғын үй  немесе 65 мың пәтер салынды», — деді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар Қ. Өскенбаев тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемінің 19%-ға артқанын айтты. 

Сөз соңында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының елімізді іске асырылып жатқан ең тиімді бағдарламалардың бірі екенін жеткізді. ҚР ИИДМ бағдарлама ауқымын кеңейту үшін оны әрі қарай дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар