#
#
Сейсенбі 20/02/2018

"179 мың долларлық торт" немесе жастар неге шетел асуда?

  • 14.01.2018
  • 0
  • 2201

Неге қазақтар Қазақстаннан кетіп жатыр? Кетіп жатқандардың бәрі жемқор яки парақор емес қой. Олардың үлесі 10% ғана. Ал қалған 90%-ы жастар. Иә, 25-35 жас аралығындағы қылшылдап тұрған жастар. Мемлекетті төңкеріп те, көтеріп те тастай алатын жастағы жандар.

Энергиясы мен болашаққа деген жоспары толы, ертеңгі күнге күліп қарайтын жандар. Қазір өзіммен жасты қыздармен, ұлдармен бас қоса қалсақ болды, екінің бірі шетелге кеткісі келетінін айтады. Олар үшін басты кедергі ағылшын тілін жетік білмеуінде болып отыр. Ал ерте ме, кеш пе ол қоршаудың да жойылары анық. Тіпті мектепте "Май нейм изді" айта алмайтын кей таныстарым, шетелге табан жалтырату үшін, бүгінде ақ тер, көк тер болып жүздеген мың теңгесін шашып, тіл курсын оқып жатыр. Кеткісі келетіндердің көбісі оқуға барғысы келетінін, ыңғайы келсе сонда қалатынын айтса, енді бір бөлігі біржолата шетелге қоныс аударғысы келеді. "Сонда қоныс аударсақ бәрі жақсы болады" деген үмітте. Олардың ішінде осыдан бес жыл бұрын Қазақстан үшін жүрегін жұлып беруге дайын екендігін айтқан және шындығында сондай сезімде болған жігіттер мен қыздар бар. Олардың өлшеусіз, шексіз осынау патриоттық сезімін кері бағытта төңкеіріп тастаған не болуы мүмкін? Әрине жемқорлық, қоғамдық әлеуметтік теңсіздік, ертеңгі күнге деген сенімсіздік. Кетіп жатқандардың көбісі өте білімді жандар. Қазақстанда тура тоқсаныншы жылдардағыдай "ақылдылар ағыны" (утечка мозгов) болып жатқан сынды.

"Қиын-қыстау сәтте де өз жерімізде болғанбыз", "қара су ішіп, қара нан жесек те өз елімізде қалуға тиіспіз" деген құрғақ сөз, ұран ендігі таңда оларды ұстап қала алмайды. Оларды осында қалуға итермелейтін экономикалық, әділетті реформалар жасалуға тиіс. Ол реформалар әр жастың жүрегінде ертеңгі күнге деген сенім отын жағуға міндетті.

Ал әзірге 179 мың долларға біреу торт сатып алып, енді біреу 30 мың айлық алып жатқан сәтте кету тоқтамайды. Өйткені олар қоғамдағы теңсіздікті анық көріп отыр. Ал бүгінгідей дарақылық оны тіпті айшықтай түсуде.

Асхат Қасенғалидің фейсбуктегі жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар