25 мау, 2019 сағат 10:05

«Болашақ» стипендиаттары анықталды

Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті,  – деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия отырысының қорытындысында 134 қазақстандық шетелде білім алуға мүмкіндік алып, стипендия тағайындалған. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады. Олардың ішінде әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтетін студенттер де бар. Олардың толық тізімін мына жерден көруге болады.