12 там, 2025 сағат 11:45

Жылдың соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толықтай ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтетін болады


Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»

Жылдың соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толықтай ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтетін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғайни Бейсембаев ҚР Үкіметінің отырысында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Биылғы оқу жылында 11 мың 800 мектепке дейінгі ұйымда1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп, білім алатын болады.

"Жыл басынан бастап балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында сәтті іске асырылғаны белгіліПилоттық кезеңде 461 мың ваучер беріліп, балабақшаға кезектілік 93 мыңға қысқарды. Нәтижесінде жергілікті бюджеттерден 7,7 млрд теңге үнемделдіҚыркүйек айынан бастап, биылғы жылдың соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толықтай осы ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтетін болады", - деді Ғ. Бейсембаев.


Сонымен қатар министрдің айтуынша 135 балабақшада 7 мыңнан аса бүлдіршіннің мемлекеттік тілді қолдану дағдысын арттырған «Тілге бойлау» және ата-аналарға 5 жасқа дейінгі балаларды отбасы жағдайында дамытуға көмекші болған «Беске дейін үлгер» жобалары жаңа оқу жылынан бастап, мектепке дейінгі білім беру деңгейіне жаппай енгізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адал еңбекке баулу мақсатында 12 мың баланы қамтитын жаңа жоба қыркүйек айынан бастап, еліміздегі 100 балабақшаға пилот ретінде енгізіледі.