02 нау, 2026 сағат 17:09

“Жылдам табысқа” сенгендер миллиондарынан айырылды: Семейде жас жігіт инвестициямен алдап кеткен


Фото: Polisia.kz


Polisia.kz порталының мәліметінше, Абай облысында инвестиция атын жамылған алаяқтық дерегі әшкереленді, деп хабарлайды Ult.kz.


Семей қаласында 24 жастағы жергілікті тұрғын азаматтарды “тиімді инвестиция” және қысқа уақытта мол табыс табу уәдесімен алдап келген. Тергеу барысында оның 2025 жылдың қыркүйек–қараша айлары аралығында өзін сенімді қаржылық кеңесші ретінде таныстырып, тұрғындардың сеніміне кіргені анықталды. Ол жоғары кіріске кепілдік беретін жобалар бар екенін айтып, қаржы салуға үгіттеген.


Нәтижесінде үш бірдей семейлік жәбірленген:


20 жастағы азамат 715 мың теңгесінен айырылған.
21 жастағы тұрғын 2 млн 617 мың теңгені күдіктіге берген.
63 жастағы зейнеткер 220 мың теңгесін жоғалтқан.



Күдікті тергеу кезінде кінәсін толық мойындаған. Белгілі болғандай, ол жиналған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Сондықтан қаржы тәркіленбеген.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс алаяқтық бабы бойынша тіркелді. Күдіктіге келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.


Полиция тұрғындарды жылдам әріоңай табыс уәде ететін күмәнді инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырады. Мамандар қаржы салмас бұрын компанияның заңдылығы мен сенімділігін мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.