02 шіл, 2025 сағат 16:55

Жыл басынан бері Астанаға 30 мыңға жуық адам көшіп келген

Фото: ашық дереккөз

Елорда халқының саны еліміз бойынша артып келеді. Ауыл халқы керісінше, көп аймақта азайып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Бірақ Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында өсім бар. Әсіресе Алматы облысында ауылдағы тұрғындар қатары 13 мыңнан астам адамға артқан.

Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, басқа қалаға қоныс аудару жағынан Түркістан облысының халқы бірінші орында.

2025 жылдың алғашқы жартысында бұл өңірден 18 421 адам қоныс аударған. Соның салдарынан жалпы сальдо - 3049 адам болды. Бұл ел бойынша ең үлкен теріс көрсеткіш.

Көші-қон салдарынан халық саны азайып жатқан тағы екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысында 3237 адамға, ал Абай облысында 2768 адамға кеміген.