18 сәу, 2023 сағат 16:24

Жыл басынан бері 11 әскери қызметші қайтыс болды

Иллюстративное фото: ©Алихан Сариев

Жыл басынан бері 11 әскери қызметші қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы бастығының орынбасары Берік Ілиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері 11 әскери қызметші қайтыс болды. Соның ішінде жетеуі алған жарақатынан, ал төрт адам науқасына байланысты дүниеден өтті. Осының арасында мерзімді әскери қызметте болған сарбаздардың екеуі көз жұмды. Оның бірі қаңтар айында парашютпен секіру кезінде, екіншісі - онкологиялық ауру салдарынан қайтыс болды», - деді Берік Ілиясов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметші қайтыс болды.

Өлім жағдайларының ең көп тараған себептеріне тоқталсақ, ауырып қайтыс болу – 36%, көлік апатының салдары – 24%, суицид – 20%.