26 мам, 2021 сағат 16:30

«Жусан» операциясы: әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімінен толық бас тартты


«Жусан» операциясымен елге жеткізілген әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімінен толық бас тартты. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Радикалды діни ағым құрбандарын оңалту – әрине ұзақ мерзімді жұмыс. Бұл психологиялық, заңды-құқықтық, әлеуметтік, медициналық кешенді көмекті қажет етеді. Оның ішінде психологтардың, теологтар мен имамдардың кәсіби білігіне қойылатын талап өте жоғары. Бұл орайда, еліміздің барлық өңірінде «Ақниет» оңалту орталығының филиалдары жұмыс жасайды. Соның ішінде, әсіресе «Жусан» операциясымен елге жеткізілген әйелдер мен балаларды оңалту – ең басты назарда. Жүйелі де сапалы жұмыстар нәтижесінде бүгінге дейін, елге оралған әйелдердің 95 пайызы радикалды діни сенімнен толық бас тартты», - деді Аида Балаева. 

Сонымен қатар министр елімізде діни ахуал тұрақты екендігін, жат діни ағымдардың алдын алу мен оның құрбандарын оңалту жұмыстары жүйелі жолға қойылғандығын баса айтты.